Алматы-Маңғыстау пойызынан мас адам түсірілді

Алматы, BAQ.KZ. Қызылорда облысының 21 жастағы тұрғыны акт бойынша «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызынан түсірілді. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт кешкі уақытта мас күйде болып, жолаушылардың мазасын алған. Оған қатысты ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Тағы бір факт Үштөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінде тіркелді. Мас күйіндегі Шығыс Қазақстан облысының 48 жастағы тұрғыны «Семей-Қызылорда» бағытындағы пойызынан түсірілді. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) және 440-бабының 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша Әкімшілік кодексінің екі бірдей бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Айта кетсек, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін жоғарыда аталған құқық бұзушы осы жылдың ішінде екінші рет жауапкершілікке тартылып отыр екен.

Дәл осындай жағдай «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағытындағы әуе рейсінің жолаушысымен болған. Елорданың 34 жастағы тұрғыны мас күйінде бортсеріктерді балағаттаған.

Ер адамға айыппұл салынып, Әкімшілік кодексінің 434 және 440-баптары бойынша хаттама толтырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы