Маржықпаев: Облысты 2025 жылға дейін 100% сапалы сумен қамту жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Сумен жабдықтау жағдайы елді мекендерді абаттандырудың және олардағы өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіші. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтуды ұлғайту үшін облыста 46 елді мекенде 58 жоба іске асырылуда, - деді ОКҚ брифингінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.
Өткен үш жылда қалалар бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 13% өсіп, 98,8% құрады, ауылдық жерде - 6% артып, 89% құрады, деп атап өтті өңір басшысы.

Спикердің айтуынша, 6 жоба бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін 6 мыңға жуық ауыл тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтылады.

Еске салайық, облысты 2025 жылға дейін 107 сумен жабдықтау желісін салу, 57 шағын ауылда аралас блок-модуль орнату жоспарланған, бұл облыс тұрғындарын 100% сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы