Маржықпаев: Ақмола – аграрлық-индустриялық маңызды өңірлердің бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев хабарлады. 

Оның айтуынша, аймақ аграрлық-индустриялық маңызды өңірлердің бірі болып отыр.

Республика көлемінде Ақмола облысы елімізде қайта өңделетін уранның әрбір 10-ші тоннасын, мойынтіректердің 100%-ын, астық жинайтын комбайндардың 67%-ын, мамандандырылған автомобильдердің 47% - ын, алтыны бар кеннің 45%-ын, жартылай өңделген алтынның 27%-ын, тракторлардың 43%-ын, құс етінің 38%-ын өндіреді, - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ егемендік жылдары облыстың индустриялық секторы ауқымды өзгеріске ұшыраған.

199 жылдан 2020 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 млн-нан 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп 9 млн-нан 870 млрд теңгеге дейін көбейген. Ал биылғы 10 ай ішінде 751,2 млрд теңге болды, - деді Ермек Маржықпаев.

Ішкі және сыртқы инвестицияны тартудың арқасында 35 заманауи, ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары құрылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы