4 Ақпан 2021 2021, 12:31
Маржан Әкімжанова ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.Сондай-ақ,Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;
Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына;
Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.