SpaceX компаниясы Марсқа ұшатын зымыранды таныстырды

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық SpaceX ғарыш компаниясы Айға, Марсқа және өзге де Күн жүйесіндегі ғаламшарларға ұша алатын Starship ғарыш кемесін таныстырды. Бұл туралы delo.ua хабарлады.

Аталған компанияның негізін қалаушы Илон Маск жаңа ғарыш кемесін Техастағы ұшу кешенінде таныстырған. 


Компанияның мәліметінше, Starship ғарыш кемесі адамдар мен жүктерді Күн жүйесіндегі кез келген ғаламшарға жеткізуге қауқарлы. Бұл кеменің басты артықшылығы оны бірнеше рет қолдануға болады екен.

Сондай-ақ, Starship кемесінің 100 адамды және 100 тонналық багажды жеткізе алатындығы айтылады. 

Илон Масктың айтуынша, жаңа ғарыш кемесі өзінің алғашқы сынақтық ұшуын осы бір-екі ай ішінде жасайды. Кемені 19,8 мың шақырымды биіктікке дейін ұшырып, қайта Жерге оралту жоспарланған.

Бұған дейін NASA ниет білдірген кез келген адамның есімін Марсқа жіберетінін хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы