ҚР мен Маршалл Аралдары Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы мен Маршалл Аралдары Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
"Қазақстан Республикасы мен Маршалл Аралдары Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты. Нью-Йорк қаласында БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Маршалл Аралдары Республикасының тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Аматлайн Элизабет Кабуа екі ел арасында Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Құжат қол қойылғаннан кейін күшіне енді", - делінген ведомство таратқан хабарламада,Қазақстан Республикасының елшісі бірлескен коммюникеге қол қою екі ел арасындағы екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдардың шеңберінде түрлі салалардағы қатынастарды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу барысында екі елдің өкілдері БҰҰ аясында өзара қолдау соның ішінде Ұйымды реформалау мәнмәтіндегі мәселелерін талқылады. БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына және климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғасыр өткен соң. Кенияда қара қабылан фотоға түсірілді
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы