Марқұм Шерзаттың отбасына әкімдер көңіл айтты
Алматы облысы Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдері Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы облысы Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдері Таңат Айдарбаев пен Талғат Байеділов, Нұрқанат Ғайыпбаевтың қайғылы қазасына байланысты оның отбасына барып көңіл айтты. Сондай-ақ олар, осы қиын кезеңде марқұмның жанұясына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді,- деді Алматы облысының әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова.
Еске салайық, бұған дейін Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, азамат өз-өзіне қол жұмсағанын жазған едік. Кейінен өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырған хаты табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды
Өзгелердің жаңалығы