Марқұм Шерзаттың әкесі 15 тәулікке қамалды
Алматы облысының соттары Салтанат Нұрымованың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл арқалағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Нұрымовтардың туысы Бақыт Реймова "ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзып, жұртты митингіге шақырды" деп айыпталып, сот оны да 15 күнге қамау туралы шешім шығарды. Бұған қоса, басқа елдің азаматы болғаны үшін Қазақстаннан депортацияламақ.
Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша азамат С. Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін азаматтығы жоқ адам жасаған, азаматша Б. Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарып жіберілді,- деді Алматы облысының соттары.
Қаржаубай Нұрымовқа "бұзақылық жасады" деп айып тағылған.
Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлағанын. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзағаны үшін және көлік құралдарының қозғалысына кедергілер жасағаны үшін азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды,- деді Алматы облысының соттары.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шерзат Болаттың ағасының денесі табылғаны туралы жазғанбыз. Марқұм қоштасып жазба қалдырған.
Айта кетейік, полиция марқұм Шерзаттың ағасының көлігі заңнамаға сәйкес тексерілгенін айтты.