Марқұм Шерзат Болаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қаржаубай Нұрымовтың үстінен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында болған жерлеу рәсімі кезінде автокөлік иесіне материалдық залал келтірілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Айта кетейік, бұған дейін Талғар маңынан Шерзат Болаттың ағасының денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.
Кейін полиция өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырғанын мәлімдеді. Марқұм Шерзаттың ағасының соңғы хаты қалай таралып кеткені туралы осыған дейін жаздық.
Сондай-ақ 10 желтоқсанда Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынғаны белгілі болды.