Марқакөлде жағдай тұрақтанып келеді

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған ШҚО-ның Марқакөл ауданындағы жағдай тұрақтанып келеді. Қалың қардың құрсауында қалған ауылдарға жол ашылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Шекара шебіндегі Төсқайың ауылына дейін жағдай тұрақтанды. Десе де қазір жағдай тұрақтанғанмен көктемде жұт бола ма деп жұрт алаңдап отыр.

Қыстың қамын жаз ойлайтын жұрт 12 күн бойы жолсыз жатса де азық-түлік тапшылығын көрмеген. Тек ғана тебіндегі жылқы жайылымсыз қалған. Осы жағдайға орай ШҚО ауылшаруашылығы басқармасы мен аудан әкімшілігі жылқыларды ойға түсіруге шешім қабылдаған. 

Боран және Қарашілік ауылдарынан жайылымдық жер беріп, жол бойына жем-шөп дайындады. Жұрт енді жұттан аман қалу үшін жылқыларын төменге түсіре бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы