Марқакөлде топырақ көшкіні салдарынан жол жабылды
Бүгін таңғы «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» облыстық маңызы бар жолдың 13 шақырымында («Мраморное» асуы маңы) топырақ көшкіні жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды.
Болған жағдай туралы «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері мәлімдеген. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және ТЖ қызметі жұмыс істеуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды, - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді
Өзгелердің жаңалығы