Мароккода үйсіз қалғандар баспанамен қамтылады
Мароккода жер сілкінісінен үйлерінен айырылған тұрғындардың бәрі баспанмен қамтамасыз етіліп, қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті үкімет осындай ауқымды бағдарламаны қолға алды. Зілзаладан жапа шеккен тұрғындардың кейбірі уақытша лагерьлерге орналастырылған. Мароккода бір апта бұрын болған жер сілкінісінен 50 мың үй мен ғимарат қирады.
3 мыңға жуық адам қаза болып, 6 мыңдай тұрғын жарақат алды. Елде табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.
Лагерьде бәрі бар. Жер сілкінісінен кейін көшеде түнеп қатты қиналып едік. Қазір мұнда тамақ тегін таратылып, дәрігерлер де күн сайын лагерьді аралап, көмек көрсетеді. Үкіметтің осындай қолдауы үшін алғысымды білдіремін, - дейді жергілікті тұрғын Джаммо Аджамил.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді
Өзгелердің жаңалығы