5 Сәуір 2025 2025, 06:41 Фото: pexels.com

Мармаристе қонақүй өртеніп,  6 адам зардап шекті

Түркияның Мармарисінде бес жұлдызды қонақүй өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Мармарисінде бес жұлдызды қонақүй өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт кезінде демалыс орнындағы Marmaris Palace қонақүйінде 680 адам демалып жатқан; олар сәтті эвакуацияланды.

Өрт таңертең, болжам бойынша қазандықта басталды, содан кейін ол бөлмелерге тарады. Алты адам түтін жұтып, ауруханаға жатқызылды; дегенмен олар өздерін жақсы сезінеді, – деп жазады агенттік.