Мария Дмитриенко Олимпиадаға іріктеуден өтті

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы Дохада (Катар) өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде жолдамаға ілікті.

Дмитриенко "трап" бағдарламасы бойынша сәтті өнер көрсетті. Осылайша, Мария стенд атудан Қазақстаннан лицензия алған алғашқы спортшы.

Айта кетелік, Дохада Қазақстан намысын 21 мерген қорғап жатыр. Турнир 29 сәуірде аяқталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы