Мария Бровкова ескек есуден әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі
Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған.
Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі.
Айта кетелік, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын. Самарқандтағы әлем чемпионатында жалпы есеппен 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы