Мариан Журавлёва Ислам ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлёва Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Спортшы 70 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Ол үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті.
Журавлёва марокколық Ясмин Арбибті, палестиналық Дания Убайдты және ирандық Хасти Хаммудиді бірінен соң бірін ұтып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда кім әскерге шақырылмайтыны белгілі болды
Келесі жаңалық
Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда не өзгеруі мүмкін?
Өзгелердің жаңалығы