Маратбек Мықтыбек: Спортшы нәтижесіне байланысты қосымша сыйақы алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбек айтты.

Бокстан құрама командалардың халықаралық жарыстарда өнер көрсету нәтижесіне байланысты қазақстандық Бокс федерациясының Президенті қосымша ынталандыру үшін спортышларды, жаттықтырушыларды және кешенді ғылыми топ мүшелерін қосымша сыйақы төлемдермен қолдауда. Сондай-ақ Парижде өтетін алдағы Олимпиада ойындарына дайындықтың сапалық және сандық резервін құру үшін бокстан ересектер құрамына жастар құрамасындағы келешегі зор мүшелері тартылуда, -деді Бокс федерациясының атқарушы директоры.

Оның айтуынша, мұндай бәсекелі іріктеуді өткізу мықты команда құруға мүмкіндік береді.

Осы жылы әйелдер құрама командасы Түркияда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалуда. Ол үшін әр ай сайын жаттықтырушылар кеңесі спортшыны даярлаудың егжей-тегжейлі кестесін жасайды, -деді Марат Мықтыбек. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы