Марат Жыланбаев екі айға қамалды

Астана қалалық соты күдікті Марат Жыланбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Т.Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады, - делінген Астана қалалық соты таратқан хабарламада.

Марат Төлегенұлы - алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1990-жылдары «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы