Марат Жыланбаев: Қазіргі балалар білімді, бірақ әлсіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ең қолжетімді және ең пайдалы спорт түрінің бірі – жүгіру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Қазақстан Республикасындағы алғашқы Денсаулық елшісі, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмені, әлемнің ірі шөлдерін шарлап өткен жалғыз адам Марат Жыланбаев жүгіру арқылы көптеген дерттен сауығып кетуге болатынын айтты.

«Жүгіру – дәрі сияқты, тек орнымен қолдана білу керек. Кез келген адамға дұрыс жүгіруді үйрете алам, ең бастысы – жүре алса болғаны», - дейді Марат Жыланбаев.

Ол қазіргі балалар өте ақылды, білімді, бірақ өте әлсіз екенін айтты.

«Бала кезімізде жүгіріп ойнап өстік. Қазіргі балаларды қарап таң қалам. Олар көп қозғалмайды, сол себепті әлсіз. 10 жастағы оқушының жүрісі 60 жастағы атаның жүрісіндей. Оларды жүгіртіп, спортпен айналысуға үйрету керек, себебі спорт – денсаулық кепілі. Өз басым осы күнге дейін дәрі-дәрмек, дәрумендер ішпеймін. «Дәрігерлер ауырып тұрған жеріңді емдейді, ал денсаулыққа өзің қол жеткізуің керек» деген сөздің жаны бар. Бәрі өз қолыңда», - дейді марафоншы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы