Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтағы зейнеткер, көп балалы ана, жергілікті тұрғындарды қабылдап талап-тілектерін, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Азаматтардың пікірін толыққанды ой елегінен өткерген аймақ басшысы күрмеуі қиын мәселелер жедел түрде шешімін табатынын айтып, жауапты мамандарға арнайы тапсырма берді.

Жиында алғашқы болып сөз алған Кеген ауданына қарасты Жылысай ауылының тұрғыны, тыл ардегері, 87 жастағы Бекетай Мамытов  баспана мәселесін көтерді. Ақсақалдың сұрауымен өңір әкімдігі бұрнағы жылдары аудан орталығы Кеген ауылынан пәтер берген екен. Дегенмен балаларының қасында, өзі туған ауылда тірлік кешуді қалаған ақсақал берілген пәтерден бас тартыпты.


Тұмасы тұнық, ауасы саф туған ауылымда, көзкөргендерім мен бала-шағамның ортасында өмір сүргім келеді. Кеген ауданынан ауылыма қатынаудың әуресімен жүргім келмейді. Денсаулық жарамайды, кәрілік де жар бермейді, – деген ақсақалға аймақ басшысы Марат Елеусізұлы мәселенің мән-жайын жіті зерттеп, облыс, аудан әкімдігі тарапынан сұранысқа нақты жауап берілетінін ескертті. 

Алдағы тамыз айында болатын Кеген ауданы халқымен кездесу сапарында аталған мәселенің нақты байламы ақсақалға баяндаталынын тілге тиек етті.
Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылының тұрғындары Гуля Тахметова мен Айжан Сосина  өздері тұрып жатқан 4 қабатты тұрғын үйге газбен жылыту жүйесін орнатып беруін сұрады. Мұндағы тұрғындар өз қалталарынан қаражат бөліп, ақылы түрде жылыту жүйесін тарттырайын десе кейбір заң шеңберінде кедергіге ұшыраған екен. Көпқабатты күйдің маңындағы тұрғын үйлерге жеткен газ жүйесін тарта алмай отырмыз деген азаматтар бұл мәселені әкімнің өз назарына алуын сұрады. Сонымен қатар, тұрғын үй ауласы, жолы жөндеуден өтпегенін де айшықтады.


Бұдан бөлек әкім қабылдауында Әбілтай Айтқазин «КазМис» саяжайыда тұрып жатқан жергілікті халықтың мұңын арқалап келгенін айтып, аталған елді мекеннің батыс бөлігіндегі қалаға шығатын жалғыз жолды «БАКАД» түрік компаниясы жауап тастағанына наразылық білдірді. Аталған жол жабылған соң оқушылар мектепке бара алмайтынын ескертіп, тіпті қарапайым халықтың өзі алыс-беріс қатынасқа түсе алмай, саяжайда қаңтарылып қалғанын тілге тиек етті. 

Ал, Іле ауданының тұрғыны Сабыржан Бибатжановты тұрып жатқан үйінен шығарып тастаған екен. Сот шешіміне  наразылық білдірген азамат осы мәселенің мән-жайын тегіс баяндап, аймақ басшысына жәрдемін тигізсе деген желдеумен келіпті. Тағы да тұрғын үй мәселесі бойынша әкім қабылдауына келген Іле ауданына қарасты Түймебай ауылының тұрғыны Жеңісгүл Дәулетова биілік тарапынан көмекке зәру екенін айтып, сонымен қатар қол өнер орталығының құрылысына жәрдемдесуін сұрады.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Баубақша қыпшақ саябағының тұрғыны Өрікгүл Илданова аталған саяжайда 100-ге жуық отбасы тұратынын, оның бәрі қазақ азаматтары екенін айтып, алаяқтықпен сатылған жерге ақшаңған үй түскенін ашына толғады. 3 мыңнан - 6 мың долларға дейінгі сомада 7,5 соттық жерді сатып алып, алаңсыз үй соққан, 3 ай көлемінде құжаттарыңды заңдастырып беремін деген азаматқа сеніп, аяғында «аһ, ұрып» қалғандарын сөйге сүйеу етті.  Өйткені үй түскен жерлер 2022 жылдың қаңтар айынан бастап егістік жер деп танылған екен. Заң бойынша егістік жерлерге үй салу қарастырылмаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы