Марат Шибұтов: Сайлау адал өтті
Алматы, BAQ.KZ. Саясаттанушы Марат Шибұтов елімізде өткен сайлау туралы өз пікірімен бөлісті.
Республика бойынша үш партияның өтетіні күтілген нәтиже. Өйткені сенің Парламентте, мәслихаттарда депутаттарың болған кезде, сен жұмыс істейсің, әлдеқайда танымалсың. «Ауылда» бір ғана сенатор, бірнеше депутат бар, сондықтан көлемі бойынша екінші бюджетке қарамастан, олар әзірше үшінші орынға ие болды. Әзірге олар тиісті деңгейге жетпей тұр. Бірақ өткен жолғы сайлаумен салыстырғанда, 2016 жылы оларда тек 2% болған, сол кезге қарағанда олар айтарлықтай өсті. «Бірлік» өзі көп жұмыс істемеді. Оған ребрендингті қосыңыз. Адамдар «Адал» дегеннің не екенін біліп, танып үлгермеді. Егер олар жарты жыл бұрын ребрендинг жасаса, мүмкін дауыс жинай алар еді, - деді саясаттанушы.Оның айтуынша, Қазақстанда көппартиялыққа, пікір плюрализміне және өркениетті қалыпты бәсекелестікке жалпы тренд қалыптасты, сондай-ақ, ол Алматыдағы сайлауға түсініктеме берді.
Барлығы бір-бірінің нәтижелерін мойындайды, барлығы бәрін адал жасады. Бұл сайлаудың тыныш өтуіне әкелді. Біз күні бойы ешқандай жаппай заң бұзушылықты көрген жоқпыз. Мен халықаралық байқаушылардың да, біздің байқаушыларымыздың да бағалауы өте дұрыс деп айтар едім және бұл өте жақсы және адал өткізілген сайлау, - деді Марат Шибұтов.
Оның айтуынша, байқаушылар саны өте көп. Қазақстанда бес партиядан басқа, байқау жүргізген 25-ке жуық қоғамдық ұйым болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапаров қызметін премьер-министрге береді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы