Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ ҚР ИИДМ басшысы тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу де көзделген.

Алаш арыстарының ізі қалған қастерлі өңірге бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Кәрімжанұлы жұмыс сапарымен келді. Екі күндік демалысты пайдаланып, министр өңірдің өнеркәсіптік орындарын аралауды, тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшыларына халықпен тұрақты кездесулер өткізіп тұруды тапсырған болатын. Көзделген басты мақсат – орын алған өзекті мәселелерді жедел шешіп, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру, - деп жазды Жанжігіт Омархан.

Жұмыс сапары аясында ведомство басшысы бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынды аралайды. Олардың қатарында Semey Tannery ЖШС, «Семей Инжиниринг» АҚ, Семей машина жасау зауыты, «Қазэлектромаш» ЖШС бар. Сонымен бірге М.Қарабаев Қарағайлы шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысады.

Министр Семей халықаралық әуежайына барып, әуе айлағындағы реконструкция жұмыстарының жоспарын егжей-тегжейлі зерделеп шығады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Семей қаласының әуежайынан Алматы, Астана, Шымкент және Үржар қалаларына аптасына 16 коммерциялық және 2 субсидияланатын әуе рейстері орындалатынын айта кеткен орынды.

Естеріңізге сала кетейік, ИИДМ индустрия және индустриялық-инновациялық даму, көлік және көлік логистикасы, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, көмір, химия, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі салаларына жауапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы