Марат Қожаев ІІМ бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Марат Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.Ол 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Сондай-ақ, Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол осыған дейін Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің басшысы полиция генерал-майоры қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Қуанышұлы Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада оқушылардың «Жас Star-2019» көрмесі өтеді
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы