Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы жалғасуда

Әйеліне күш көрсетті деп айыпталған Марат Әйтеновке қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы, әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отырған Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр.

26 шілдеде болған алғашқы сот отырысында Марат Әйтенов өзінің кінәсін толық мойындаған болатын.

Сол отырыста оның бұрынғы әйелі Дана Әтешова сотқа беруге себеп болған оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Марат Әйтеновтың бұрынғы әйелі Дана Әтешова мен балаларын үйден күшпен шығарып жатқан видеосы тараған еді.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж El.kz
Өзгелердің жаңалығы