Марқакөлде қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Марқакөлді қоңыр аю мен қарақұтан мекендеп жүр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды. Бұл жыртқыш сирек кездесетіндіктен, "Қызыл кітапқа" енген. Ресми деректер бойынша дүние жүзіндегі қоңыр аюдың саны 200 мыңдай. Қазақстан аумағында 400-500 қоңыр аю мекендейді.

Ал қарақұтан Марқаның айдынына сәуір айында ұшып келген. Мамандар бұл құс қазан айының ортасына дейін осы аумақты мекендейді деп отыр. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы