Мақтарал, Жетісай аудандарындағы су мәселесі қашан шешімін табады?
Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңірдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Бізде 865 мың га өсімдік шаруашылығына бағытталған болса, соның 560 мыңға жуығы суармалы жерлер. Мақтарал, Жетісай аудандарында 140 мың га суармалы жер бар. Олардың барлығы 100% трансшекаралық каналға тәуелді. Достық каналы Жетісай, Мақтарал аудандарын қамтамасыз етеді. Бұл жылда көтерілетін мәселе. Сырдарияның жоғары жағында орналасқан Қырғызстан,Тәжікстанға тәуелдіміз. Мамыр маусым айларында 40 пайыздық келетін лимит бізге жетпей келді. Бұл мәселені де шештік. Арнайы насос қойып, Шардара су қоймасынан канал арқылы жетпеген суды қамтамасыз еттік. Бақылауда ұстаймыз, - деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Аталған екі аймақта мақта өсірумен айналысады. Мақта суды көп қажет ететіні белгілі.
Мақтаны әртараптандыруға кірісіп отырмыз. Блытыр 126 мың га мақта егілген. Көрші мемлекеттердегі өзгерістерге байланысты тасымалдау өзгерді. Мақтаны басқа дақылдарға ауыстыруды ойлап отырмыз. Мысалы жүгері егу. Ол суды аз қамтиды. Сондай-ақ фермерлерге пайдалы екен. Сондай-ақ қытайлық компаниялармен сөйлестік. Маш өнімін егу өте тиімді. Қытайда сұранысқа ие. Егер егіп жатсақ, 100% экспортқа алып кетуге дайын отыр, - деді Дархан Сатыбалды.
Бұған дейін Әкім Түркістан кесенесінің қазіргі жай-күйі туралы айтып, қабырғасы ылғал тартып кеткенін атап өтті.