28 Қазан 2026, 02:28 Фото: gov/kz

Мақтааралда мақта майын өндіретін жаңа зауыт ашылды

Жаңа зауыт бұрын кәдеге жарамай келген мақта шитін өңдеп, дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 30 мың тоннадан асады.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын мақта майын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Кәсіпорын 40-қа жуық ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыды.

Жаңа зауыт бұрын кәдеге жарамай келген мақта шитін өңдеп, дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 30 мың тоннадан асады.

Өңірде мақта шаруашылығын дамыту үшін заманауи технологиялар енгізіліп, су үнемдеу жүйелері қолданылуда. Сонымен қатар мақтаны терең өңдеу арқылы отандық өндірісті дамытуға басымдық беріліп отыр.

2030 жылға дейін Түркістан облысында құны 212 млрд теңгеден асатын бес ірі кластерлік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығын дамытуға және өңір экономикасын нығайтуға ықпал етеді.