Мақсат Жақау: Құрылтай мен Халық кеңесі – жаңа Конституцияның өзегі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі проректоры Мақсат Жақау Конституцияның жаңа жобасындағы жаңашылдықтарды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұзақ әрі мұқият жасалған жаңа Ата Заңның нобайының авторлары яғни Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері шықты. Өзгеру үшін, жаңа Парламент – Құрылтай, жаңа ұйым – Халық кеңесі және жаңашылдыққа толы "Миранда ережесі" болашақтың Конституциясының жобасы анықталды, - деп атап өтті спикер.
Айтуынша, Конституцияда түрлі ұсыныстар айтылып, жаңа нормалар мен ережелер жан-жақты әрі терең пысықталған.
Ең алдымен, бұнда бір палаталы Парламент, яғни "Құрылтайдың" құрылуын атап өткен дұрыс. Жаңарған Парламент 145 депутаттан тұрып, өкілеттіктері кеңейтілді. Құрылтайға Президенттің ұсынысымен, пропорционалды сайлау жүйесі арқылы 5 жылға сайланады. Салыстырмалы түрде қарасақ, пропорционалды жүйе можаритарлық сайлауға қарағанда, анағұрлым партиялардың институционалдық рөлін арттырмақ. Саяси партиялардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтпек. Міне, сондықтан, бұл жаңашылдықта жекелей сайланатын жүйе орын алмайды, - деп түсіндірді Мақсат Жақау.
Сондай-ақ ол жалпыұлттық диалог платформасы ретінде, мен бұны нағыз Азаматтық қоғамның форматы – Халық кеңесі құрылатынына ерекше назар аударды.
Бұл сужаңа институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын атқармақ. Осылайша, Халық кеңесі қоғамның барлық мүдделерін білдіретін консультативті органы болмақ. Парламент аз болса, оған енді заң шығаруға бастамашылық жасау құқығы қосымша берілді. Азаматтық қоғамның нағыз форматы. Өте мықты бастама. Алғаш рет Конституцияда адвокаттық қызметке және адвокатураға арнайы бап қарастырылды. Бұл азаматтардың қорғалу құқығын, заң көмегін алуды жүзеге асыратын бағыт. Осыған қоса, "Миранда ережесі" – кінәсіздік презумпциясы қағидаты енді. Қайтадан жауапқа тарту мәселесі де түзетілді. Қысқасы, Адам құқығы мен бостандығының мерейі тасығаны деген осы, - дейді проректор.
Пайымдауынша, 77 түзетілген бапты қамтып, Конституция мәтінінің 84 пайызын құрады.