Мақаншы ауданында 4 мал қорымының құрылысы жүріп жатыр

Мақаншы ауданына қарасты Көктерек, Қаратал, Қарабұлақ, Қарабұта ауылдарында мал қорымдарының құрылыстары жүруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Мердігер – «СемСтройПут» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі - 3 ай. Бүгінгі таңда жалпы жұмыс көлемінің 50 пайыздан астамы аяқталған.

Бұл біздің ауыл үшін маңызды құрылыс.Себебі санитарлық талаптар сақталып, мал өлекселері арнайы орындарда өртелетін болады, - дейді Қарабұта ауылының тұрғыны Сағыныш Тұрғынбек.

Мердігер мекеме өкілдері аталған жұмыстарды белгіленген мерзімінде аяқтайтынын айтып отыр. Бұл жобалардың жұмыс барысы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы