Алаяқтық жасады деген Манзоровтың ісі неге тоқтатылды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көпшіліктің қызу талқысына түсіп жатқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына байланысты ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов түсініктеме берді.

"Ешқандай қылмыстық істің оқиғаның болмауына байланысты тоқтатылды. Бұл істі қозғаған және тергеу жүргізген органға ұсыным жасалды. Мен бұл адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеймін", - деді Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, енді осы істі қозғаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің қызметкерлерін тәртіптік тексеру жүргізіледі екен.

 "Қазір бас прокурордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына заң бұзушылық жасаған адамдарды тәртіптік тексеру туралы ұсынысы жіберілді", - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары қыркүйек айында қамауға алынған. Оған қызметін асыра пайдаланып, ірі көлемде алаяқтық жасады деп айып тағылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы