Маңызды айқас. Қазақстандық боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) және аргентиналық Альберто Ролдан (22-1-1, 7 КО) алдағы жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Салмақ өлшеу сәтті өтті. Аллах қаласа ертең жекпе-жек, - деп жазыпты Батыр әлеуметтік желіде.

Он раундқа есептелген бұл айқас 21 қыркүйек Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді.

Бұл қазақстандық боксшының Америкадағы екінші жекпе-жегі. Батырдың 2021 жылы өткен АҚШ жеріндегі дебюті сәтсіз болып, ол пуэрториколық Сабриэль Матиасқа (19-1, 19 КО) есе жіберген болатын. Бұл Жүкембаевтың карьерасындағы алғашқы жеңіліс еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: © instagram.com/batyr_jukembaev
Өзгелердің жаңалығы