Маңғыстау облысында 39 градусқа дейін күн ысиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.
"22 тамызда күндіз Маңғыстау облысынының кей жерлерінде 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы –95-100%.
Ал 22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с соғады.
Петропавл қаласында 22 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және тәңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы –90-95%.