"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 млрд теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады. 

Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді. 

Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды. Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы