Маңғыстаулық балалар жазғы демалысын Каспий жағасында өткізуде

Жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтыру, бос уақытын тиімді өткізу қолға алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, балалардың жазғы демалысы 2 бағытта ұйымдастырылады.

Олар:
- жазғы демалыс (7-13 жас),
- еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамту жұмыстары (7-18 жас).

​Облыста 145 мектепте 1-10 сыныптарында 158 679 оқушы білім алады, олардың 144 557-і (91,1 %) жазғы демалыспен қамтылды. 2022 жылы - 91% болған еді. Оның ішінде 46 070 (32%) бала жергілікті бюджет есебінен, ал қалған 98 487 (68%) бала ата-ана, кәсіподақ, облыстағы ірі компаниялар мен кәсіпорындар есебінен тынығады, -делінген облыстық білім басқармасының мәлімдемесінде.

​Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда 239 сауықтыру орны жұмыс жасады.

​Қала сыртында 3 лагерь:Балдәурен, Фламинго, Ақбөбек бар. Онда 4800 бала, мектеп жанынан тамақтандырумен 92 лагерде 18 470 бала демалды. Мектеп жанындағы 98 кәсіптік және 46 шатырлы лагерде 25 220 балаға демалыс ұйымдастырылған,- делінген облыстық білім басқармасының мәлімдемесінде.

​Тамыз айында теңіз жағасындағы «Балдәурен» демалыс базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде 300-ге жуық оқушы демалып, кәсіби бағдар алатын болады. Осы жылы барлық аудандар мен қалаларда «Жас сарбаз» лагері ұйымдастырылды.

​Бұдан басқа, Облыстық балалар ауылының 16 тәрбиеленушісіне Шымкент қаласындағы МАШАВ лагерінде 2 ай демалыс ұйымдастырылды. «Өз еліңді таны» жобасы аясында Астана және Алматы қалаларына 120 бала экскурсияға жіберілген. ​Олар еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамтылып жатыр.

​Жазғы демалыстардың екінші бағыты бойынша 143 627, яғни 90,5% оқушының жазғы демалыс кезіндегі уақыттарын тиімді пайдалану үшін еңбек, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік шаралармен қамтылды. Былтыр 81,6% қамтылған.

​Бұл ретте, 4 982 бала «Жасыл ел» бағдарламасымен көгалдандыру жұмыстарымен, 40 200 бала 59 аула клубында, ІТ сыныптары, робототехника және басқада спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерде; 62 283 бала туристік-өлкетану бағытындағы облыс, республика аумағында және шет елдерге саяхат, экскурсия, танымдық-туристік шаралар, оның ішінде 10 маршруттық жорық бойынша өз өңіріміздегі саяхаттармен «Жұмбақ Түпқараған», «Саура-Форт Шевченко-Тамшалы», «Жығылған», «Қаратау қазыналары», «Отпан тау», «Оңды - Әбіш ауылы», «Бекет ата мешіті», «Шопан ата Бекетата», «Бозжыра», «Қаракөл»; 36 162 бала «Жасұлан», «Жасқыран» әскери патриоттық және тілдік, дебаттық үйірмелерде қамтылатын болады ,– дейді облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

​Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасы аясында 1 410 дарынды ауыл баласы жаз мезгілінде қала сыртындағы «Фламинго» лагерінде демалып жатар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облыстық білім басқармасы
Өзгелердің жаңалығы