Маңғыстаулық компаниялар құрылыс материалдарының бағасын негізсіз өсірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының аумағында арматура саудасымен айналысатан бизнес субъектілер құрылыс материалдарына жоғары сұранысты пайдалананып, монополияға қарсы заңнамаға қайшы келетін бұзушылықтарға жол берген, деп хабарлады Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Құзыретті органдармен бірлесіп жүргізілген кешенді шаралар жыл басынан бері нарықта арматура құнының негізсіз өскенін көрсетті.

Нарықты егжей-тегжейлі зерделеу барысында нарық субъектілері («Металл-Сервис KZ» ЖШС, «КазТемирКонтракт» ЖШС, «Уралметаллинвест» ЖШС және басқалары) кәсіпкерліктен үстеме пайда алу арқылы жеке бас пайдасын көздеп, құрылыс материалдарын 24,4-тен 80%-ға дейін жоғары бағамен сатқаны анықталды. Осылайша, кәсіпкерлік субъектілер нарықтық билікке ие болу арқылы тауар айналымының жалпы жағдайларын қадағалап және әсер ете отырып, сатылатын тауарлардың бағаларын белгілеген және ұстап тұрған, - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, құқық қорғау органдарымен жасалған меморандум аясында кәсіпкерлік субъектілердің қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Нарықтың өзге субъектілерін жауапкершіліктен жалтаруын болдырмау мақсатында материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департаменттеріне жолданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы