Маңғыстаулық кеденшілер Түркиядан келген контрабандалық жүкті анықтады

Нұр-Сқлтан, BAQ.KZ. «Құрық» кеден бекетінің қызметкерлері Маңғыстау көлік прокуратурасымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы ірі көлемде контрабандалық тауар алып өту фактісін анықтады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Контрабандалық жүк тиелген екі ауыр жүк көлігі Түркиядан «Құрық» теңіз портына келді. Тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес, тауарды түрік өндірушілері Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының атына жіберген.

Селективті бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен, сондай-ақ ірі габаритті жүктер мен көлік құралдарының ішіндегісінің бейнесін алу және талдау үшін иондалған сәуле шашатын техникалық құралдың көмегімен алынған тексеріс нәтижесінен кейін, тасымалданып бара жатқан жүкті қосымша кедендік тексеру жөнінде шешім қабылданған. Оның барысында құжатта көрсетілген тауардан бөлек, халық тұтынатын өзге де тауарлар бары белгілі болды, - делінген ақпаратта.

Дұрыс декларацияланбаған тауарлар мен декларацияланбаған тауарлардың жалпы кедендік құны - 187,2 млн теңгені құраса, бюджетке төленуге тиісті кедендік төлемдер мен салықтар – 80,7 млн теңге.

Кемітіп көрсеткен тауарларды қосқанда жалпы жарияланған тауар салмағы – 34,5 тоннаны құраса, жарияланғанбаған тауар салмағы - 5,9 тоннадан асады. Кемітіп көрсеткен тауарлардың ішінде: аяқ киім, әйелдер орамалдары, жейделер мен басқа да киімдер. Одан бөлек, жарияланғанбаған тауардың ішінде күртелер, көйлектер, киім жынтықтары және т.б. бар екені анықталды, - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Контрабандалық жолмен жеткізілмек болған тауардың саны жүзден астам жүк орнын құраған. Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы