Маңғыстаулық азамат 215 келі бекірені заңсыз сақтаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық полиция бөлімі бірлесіп іс-шара өткізді.
Шара барысында Түпқараған ауданы Аташ ауылындағы жеке үйлердің бірінде тоңазытқыш жабдығына жасырылған жалпы салмағы 215 кг бекіре тұқымдас балық табылды.
Аталған факт бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және тиісті сараптамаларды тағайындады - делінген шекара қызметінің ақпаратында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СІМ АҚШ Елшісін қабылдады
Келесі жаңалық
Синоптиктер 10 өңірде дауылды ескерту жариялады
Өзгелердің жаңалығы