Маңғыстауға шетелден 1 мың түп жеміс ағашы әкелінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында 100х80 метр жерге жылыжай салынуда.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылыжай аумағына бау-бақша өсіру мақсатында Иран, Грузия, Осетия, Әзербайжан елдерінен 1000 түп жеміс ағашы әкелінді. Бүгін аталған алма ағаштарын егу жұмыстары басталды.


Облыс әкімі С.Трұмов жыл басында барлық аудан әкіміне, ауылшаруашылығы басқармасының басшысына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірде өсірілетін өнім көлемін көбейтуді тапсырған болатын. 


Осы бағытта жауапты азаматтар нақты шараларды қолға ала бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. Әлемдік жағдай
Өзгелердің жаңалығы