Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі аймаққа ұшып келген қоқиқаздардың видеосын жариялады.

Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді. Қанаттылар Ақтаудың жанында орналасқан жасанды Қаракөлде тұрақтайды, - деп жазды әкімдік баспасөз қызметі.


 «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи қаумалы - ерекше қорғалатын аумақ. Оның аймағына кіру заңмен реттеледі. 137 500 гектарды құрайтын бұл аймақ 1986 жылдың 17 ақпанында құрылған. Бірақ экологтардың айтуынша, көл 1964 жылы пайда болған. Уақыт өте көктемде және күзде бұл жасанды көлдің үстінен жыл құстары ұшып өтіп, кейбірі қыстауға қалып қоятын болған.

Қоқиқаздар – жыл құсы. Ол - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы