Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енеді
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен «Маңғыстау түбегінің жартас мешіттері» ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша ИКОМОС техникалық бағалау миссиясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен «Маңғыстау түбегінің жартас мешіттері» ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша ИКОМОС техникалық бағалау миссиясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес өңірдегі бес жерасты мешіті – Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата және Сұлтан үпі мешіттерін халықаралық тізімге енгізу жұмыстары талқыланды.
Аталған ескерткіштер 2021 жылы ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген. Осы бағытта Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігімен ғылыми-жобалық құжаттар әзірленіп, Париждегі штаб-пәтерге жолданды. Сонымен қатар қорғау аймақтары айқындалып, ақпараттық тақтайлар орнатылды, фото және бейнематериалдар дайындалды.
Миссия аясында өңірге халықаралық сарапшылар келді. Олардың қатарында Бурса Улудаг университетінің профессоры, ИКОМОС сарапшысы Kivilcim Corakbas Figen Balikesir, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Дмитрий Воякин, «Қазреставрация» ШЖҚ РМК бас директоры Олжас Шариязданов және аталған мекеменің сәулетшісі Лаззат Бейсембаева бар.
Облыс әкімі өз сөзінде Маңғыстаудағы тарихи-мәдени мұраның байлығын атап өтті.
Маңғыстау – тарихы терең өлке. Мұнда ежелгі қорымдар, сәулет өнерінің көрнекті туындылары саналатын тамдар мен сағаналар, жерасты мешіттері бар. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында осы ескерткіштерді қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде бес жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда қорғау аймақтары белгіленіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысандардың бүкіләлемдік мұралар қатарына енуі халқымыздың тарихи құндылықтарын сақтап қана қоймай, еліміздің мәдени және экономикалық дамуына серпін береді, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Кездесу соңында өңір басшысы миссия жұмыстарының аймақ үшін маңызы зор екенін атап өтіп, барлық шара халықаралық талаптарға сай жалғасатынын жеткізді.
- Ресейлік байқаушы: Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған 15:52
- ШЫҰ миссиясы: Қазақстандағы референдум халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр 15:47
- ТҮРКПА: Референдумда заңбұзушылықтар тіркелген жоқ 15:42
- Шетелдік байқаушы референдумға жастар белсенді қатысып жатқанын айтты 15:36
- «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Бекдайыр әулеті өнері мен азаматтығы арқылы үлгі көрсетті 15:30
- Адал дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған – Өзбекстан ОСК төрағасы 15:30
- Алматы облысында референдумға «ерекше қонақ» келді 15:22