Маңғыстаудың Төтенше жағдай қызметі 31 жаңа көлікпен толықты

2023 жылдың 20 қыркүйегінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев 31 жаңа автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа арнайы техниканы тапсыра отырып, ТЖ министрі Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларына кәсіби қызметте табыс тіледі. Сонымен қатар өрт техникасын жаңарту олардың жұмысының сапасы мен нәтижелілігіне сөзсіз әсер ететінін атап өтті.

Бүгін ТЖД автопаркі 16 негізгі бірлікпен, 7 арнайы бірлікпен және 8 қосалқы машинамен толықтырылды. 29 бірлік техника қаржы лизингі есебінен және 2 бірлік техника жергілікті бюджеттен сатып алынды, - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді ойдағыдай жоюға және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы