Маңғыстаудағы жағдайды Оқу-ағарту министрлігі бақылауына алды

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысында болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен қыздардың ата-аналарына хабарласып, балалардың жағдайын білді. Оларға психологиялық көмек ұсынылды. Бүгінде қыздардың бірі оқуын жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп, қылмыстық іс қозғады, - делінген Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.

Комитет жағдайды өз бақылауына алды. Оқиға орнында бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірім өлімі туралы істі жеке бақылауына алғаны туралы жазғанбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы