Маңғыстаудағы ұстау: «Өзенмұнайгазда» тексеріс жүргізілуі мүмкін бе?
Маңғыстау облысында мұнайшыларды жаппай наразылық акцияларына шығуға итермелеуге тырысқан деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Осы оқиғадан кейін «Өзенмұнайгаз» компаниясында тексеріс жүргізілуі мүмкін бе деген сұрақ туындады. «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер Маңғыстаудағы оқиғаға байланысты «Өзенмұнайгаз» компаниясында тексеріс жүргізілуі мүмкін бе деп сұрады.
Құзырлы органдар сондай талап қойса, болады, – деп мәлімдеді Асхат Хасенов.
Еске салайық, бұған дейін 19 қазанда Маңғыстау облысында қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылғаны туралы ақпарат тарады.
Қазіргі уақытта «Өзенмұнайгазда» тексеріс жүргізілетіні туралы нақты шешім жарияланған жоқ.