Маңғыстаудағы мұнай компаниясына жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
Маңғыстауда бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заңбұзушылықтар анықталды.
Маңғыстауда бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заңбұзушылықтар анықталып, компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды.
Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен экологиялық заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталды.
«Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай арттырған. Бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық болған. Прокуратура актісінің негізінде аталған компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 474 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Маңғыстау облысы прокуратурасы.
Еске салайық, бұған дейін көмір бағасын қымбаттатқан компанияға айыппұл салынды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Санкция мәселесі: Қазақстандағы күмәнді компанияларды кім тексереді?
Депутат батыстағы ірі мұнай компаниясының әлеуметтік жобаларын сынға алды
ШҚО-да құрылыс компанияларына 180 млн теңгеге жуық айыппұл салынды