Маңғыстаудағы газ станцияларының маржасы литріне 20-40 теңгені құраған – министр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Маңғыстау облысындағы қазіргі газдың бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды.  Сәйкесінше, АГТС маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50%-ды құрады. Бұл АГТС арасында баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Оның айтуынаша, Маңғыстау облысының ай сайынғы тұтынуы 18 мың тоннаны құрайды, бұл «ҚазГөз» ЖШС – 14,5 мың тонна, «Атырау МӨЗ» ЖШС – 3,5 мың тонна есебінен өтеледі. Бұл ретте шамамен автокөліктердің 70-90%-ы газды отын ретінде пайдаланады.

2021 жылғы 20-25 желтоқсанда өткізілген сауда қорытындысы бойынша АГТС үшін сатып алу бағасы: ҚазГӨЗ – тоннасына 130 684 теңге немесе литріне 77 теңге, Ал, Атырау мұнай өңдеу зауыты  тоннасына 109 872 теңге немесе литріне 65 теңге болған. Логистикалық шығындарды ескере отырып, Маңғыстау облысының АГТС-тері үшін газдың өзіндік құны тоннасына 136 723 теңге немесе литріне 80 теңге шегінде қалыптасты, – деді министр.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы қазіргі газдың бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды. Сәйкесінше, газ станцияларының маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50%-ды құраған.

Бұл бізге газ станцияларының арасында мүмкін болатын баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді, – деді Мырзағалиев.

Осыған қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автогаз толтыру станцияларының иелеріне қатысты бағалық сөз байласу мәніне тергеуді бастаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы