5 Мамыр 2025 2025, 11:40 Фото: - архив

Маңғыстаудағы екі ардагерге 10 млн теңге беріледі

Маңғыстау облысында Екінші дүниежүзілік соғыстың екі ардагері тұрады.

Маңғыстау облысында Екінші дүниежүзілік соғыстың екі ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай қос ардагерге 5 миллион теңгеден біржолғы қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көмек беріледі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, соғыс жылдарында жарақат алып, мүгедектікке ұшыраған немесе ҰОС ардагерлерімен теңестірілген 100 азаматқа да қолдау көрсетіледі. Олар 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 235 920 теңге көлемінде бір реттік көмек алады.

Сонымен қатар, ардагерлер санатына теңестірілген тағы 104 азаматқа 50 АЕК мөлшерінде (196 600 теңге) әлеуметтік төлем берілмек.

Бүгінде Маңғыстау облысында тұратын ардагерлер – Ольга Заривняк пен Василий Салазкин.