"Маңғыстаудағы балалардың улануы". Тоқаев мектеп асханалары туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларын мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келдеі. Дегенмен, тағамның сапасына назар аударға тиіспіз. Жақында Маңғыстау облысында балалардың улану оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу керек. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Бұл жерде мәселе әлдеқайда үлкен. Біз мектеп оқушыларын сапасы күмәнді өніммен тамақтандыра алмаймыз, - деді ол.

Президент халықаралық тамақтану стандарттарына ұмтылуымыз керегін айтады.

Мектеп асханаларындағы тамақ енді өсіп келе жатқан ағзаны бүкіл қажетті заттармен қамтамасыз етуі керек. Тиісті құрылымдар мектеп асханаларындағы тағамның сапасын жақсарту мәселесін түбегейлі шешуі керек. Мектеп асханаларында дұрыс және теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастыру үшін агроөнеркәсіптік кәсіпорындар оқу орындарының серіктестері ретінде әрекет етуі керек, - деді Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы