Маңғыстаудағы 144-ші өрт сөндіру бекеті ашылды
Маңғыстаудағы Қызылөзенде 144-ші өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес, 1157-ге жуық халқы бар қой шаруашылығымен танымал Форт-Шевченконың оңтүстік-шығысындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылында тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға арналған кезекті өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов қатысты.
Басшылар өрт сөндіру бөлімшесінің елді мекенге жақын болуы оқиға орнына келу уақытын едәуір қысқартуға және тұрғындардың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Париж полициясы фейерверк үшін 40 адамды ұстады
Келесі жаңалық
Шымкентте бір отбасының 8 мүшесі газдан уланды
Өзгелердің жаңалығы