Маңғыстауда "жолаушылар" жүргізушіні белдікпен қылқындырып, машинасын тартып алған

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында екі ер адам такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оның көлігін күшпен тартып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

30 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында Ақшұқыр ауылының шетінде Hyundai Accent көлігіне екі ер адам жолаушы ретінде отырған. Жолда келе жатып, олар жүргізушіге шабуыл жасаған. Біреуі оның мойнын қауіпсіздік белдігімен қылқындырса, екіншісі оны көліктен итеріп шығарған. Содан кейін көлікті айдап, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілерді тез арада анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін жол ережесін елемеген 19 түлекке айыппұл салынғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, "банк қызметкері" қарағандылық зейнеткерді тақырға отырғызған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы