9 Маусым 2024 2024, 23:51
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Маңғыстауда жас жігіт суға батып кетті
Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде "Шора" каналында 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде "Шора" каналында 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға шомылуға жабдықталмаған жерде болған.
ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан әкесін құтқарды.
ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды, - делінген ведомство хабарламасында.